Басып шығару нұсқасы
18.02.2018, 18:56

Мазақ болма, қазақ – Мұрат Әбенов имам мен Голливуд жұлдызының суретін сынады

Мазақ болма, қазақ – Мұрат Әбенов имам мен Голливуд жұлдызының суретін сынады today.kz

Бай Линнің мешітте имамдармен құшақтасып суретке түсуі желі қолданушылары арасында да қызу талқыға түсіп жатыр. Қазақстанның қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Шығыс Қазақстан облысында имам мен Голливуд жұлдызының суретке түскенін сынады, деп хабарлайды Today.kz

 

"Бұнысы артық енді... Муфтият əкімшіліктің бір департаменті болған ба мешіттің ішінде қонағын күтетін? Турист болсын, келсін, көрсін ... Бірақ молдамен құшақтасып сүретке түсуі қалай сонда? Қай əдепке жатады? Біз өзіміз діни қызметкерлерге құрметпен қараймыз, бұлардікі не? Басқа елге барсақ, солардың тəртібіне, дəстүріне көнеміз, ал бұлар босаңсып кетпеді ме мешіттің ішінде? Мазақ болма, қазақ", - деп жазды Әбенов Instagram желісіндегі парақшасына

Қазақстанға келген Голливуд жұлдыздарының ішінде Бай Линнің мешітте имамдармен құшақтасып суретке түсуі желі қолданушылары арасында да қызу талқыға түсіп жатыр. 

Ұқсас сілтемелер