Қызылордада халықаралық интернет форум өтеді
26.10.2016, 10:58

Қызылордада халықаралық интернет форум өтеді

  1. Бүгін Қызылордада электрондық коммерцияны дамытуға арналған  бірінші халықаралық интернет-форум өтеді. Форум e-commerce саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен  G-Global коммуникативтік алаңында өтеді, деп хабарлайды Silteme.kz
    Шараны Қызылорда облысының әкімдігі «Атамекен» ҰКП-мен  бірлесіп ұйымдастырып отыр.
    Ұйымдастырушылар  e-commerce элементтері арасындағы нақты өзара байланысты дамытуға ықпал етуді, сондай-ақ,  логистикалық тізбекті оңтайландыру, маркетингтік  технологияларды ілгерілету және  онлайн- сауда компанияларының табыстылығын арттыруды мақсат етіп отыр.   
    Сонымен қатар, форумда электрондық коммерцияны дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау жасау, онлайн сауда жүргізудегі электрондық ақшаның  рөлі, көлеңкелі экономиканы азайту, т.б. мәселелер көтерілетін  болады.
    Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, онлайн көрсетілім G-Global коммуникативтік алаңында және Facebook  әлеуметтік желісінде жүргізіледі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер