Басып шығару нұсқасы
17.10.2016, 10:00

Қарағанды облысында көмір тиелген вагондар жолдан шығып кетті

Қарағанды облысында көмір тиелген вагондар жолдан шығып кетті bnews.kz

Қарағанды облысынан 50 шақырым қашықтықтағы Жастар елді мекеніне жақын маңда көмір тиелген 7 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BNews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 15 қазан күні таңертең болған. Ауа температурасы қатты суытып, рельске мұз қатқан. Әрбір вагонда 60 тоннадан көмір болған.

Нұра теміржол кешенінің бригадасы жолды көмірден екі күн бойы тазартқан. Жараланғандар жоқ. Оқиғаның мән-жайын құзырлы мекеменің мамандары анықтап жатыр.