Басып шығару нұсқасы
03.09.2016, 14:28

Бүгін Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары басталады

Қырғыз елі осымен екінші мәрте көшпелі халықтың көне дәстүрін дәріптеушілерді қарсы алмақ, деп хабарлайды khabar.kz.

Бүгін Шолпан-Ата қаласында басталатын Көшпенділердің екінші дүниежүзілік ойындарына әлемнің 53 мемлекетінен мыңға тарта спортшы қатысады деп күтілуде. 

Олар 23 ойын түрі бойынша бақ сынамақ. Қазақстан намысын 75 спортшы қорғайды. Жарыс қыркүйектің 8-іне дейін жалғасады. Айта кетейік, 2014 жылы өткен алғашқы ойындарда Қазақстан жалпы командалық есепте 2-ші орын алған болатын. Ал 2018 жылы Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары Түркияда өтпек. 

Ұқсас сілтемелер