Басып шығару нұсқасы
12.10.2016, 17:39

Үкімет делегациясы Сауд Арабиясына барды

 Сауд Арабиясының қоршаған орта, су және ауыл шаруашылығы министрі Әбдельрахман әл-Фадлимен, инвестиция және сауда министрі Маджид Әл Кәсәбимен және Қоғамдық инвестициялық қордың басшылығымен кездесулер өтті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне алдағы сапарын даярлау аясында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.