Басып шығару нұсқасы
25.04.2017, 15:41

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Мұрат Жұманбай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды.

М.Жұманбай бес жылдан астам уақыт ҚР Сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) баспасөз-орталығын басқарды. Екі жылдай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі бола тұра, палатаның баспасөз қызметін басқарды.

Бұдан бөлек, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі болған. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары қызметін атқарды.

Ұқсас сілтемелер