Басып шығару нұсқасы
08.05.2018, 15:01

«Оскар» сыйлығын иеленген фильмдердің орташа бюджеті қандай?

Соңғы 17 жылда «Оскар» сыйлығын иеленген фильмдердің орташа құны 81,7 млн долларды құрады. Бұл туралы Gameplan хабарлады.

Десе де, әр номинацияда, сәйкесінше, таңбалар да ауысады. Ең қымбат мүсінше ең жақсы визуалды эффектісі болған фильмге беріледі. Оның құны шамамен 175 млн долларды құрайды. Сарапшылар бұл номинацияны соңғы жылдары «Аватар», «Начало» және «Властелин колец» (үш бөлімі де) секілді қымбат блокбастерлер жеңгенін айтады.

Сондай-ақ, ең үздік анимационды фильм номинациясына ие болғандар 146 млн доллар, ең жақсы дауыс эффектісі номинациясын иеленгендер 133 млн доллар алды.

Осы тұста ешбір шығынсыз орындалған сыйлық бірінші жоспардағы ең үздік актриса номинациясына берілді. «Оскар» сылығына ие болған актрисалардың түскен фильмдерінің орташа бюджеті небәрі 26 млн долларды құрады. Бір қызығы, дәл осындай жағдайда, алайда бұл жолы екінші жоспардағы актрисалар үшін 45 млн доллар берілген.

Бірқилы сценарийі үшін «Оскар» сыйлығын алған картиналардың орташа бюджеттік есебі 27 млн долларды құрады. Бірінші жоспардағы ең үздік актер үшін 41 млн доллар, екінші жоспардағы ең үздік актер үшін 45 млн доллар берілді.

«Ең үздік фильм» номинациясында жеңіске жеткен картиналардың көбісінің орташа бюджеті 46 млн доллар болды. Gameplan сарапшыларының айтуынша, бұл көрсеткіш 2017 жылы аталмыш номинацияны жеңген «Лунный свет» фильмінің кесірінен біраз төмендеді. Фильмнің бюджеті небәрі 4 млн долларды құрады.

«Оскар» сыйлығы жыл сайын Америкалық киноматографиялық өнер және ғылым академиясы тарапынан 24 номиниция бойынша ұсынылады. Бұл жылы салтанат 5 наурызда жексенбіден дүйсенбіге қараған түні өтеді. Айта кетерлігі, биыл «Оскар» сыйлығын табыстау салтанатына 90 жыл толып отыр.

Дереккөз: 7kun.kz

Ұқсас сілтемелер