Жарыс 2026 жылғы 19 қыркүйекте НАП халықаралық мультиспорт федерациясының аясында өтті.
Таралған мәліметке қарағанда, осы жеңістерден кейін ол армлифтинг пен пауэрспорттан 20 дүркін әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ оның спорттық жетістіктері қатарында әлем кубогындағы 17 жеңіс, Азия чемпионатындағы 5 жеңіс бар. Арман Сүлеймен - әлем рекордын 21 рет жаңартқан спортшы.
Ұлттық спорт академиясының құрметті президенті халықаралық жарыстарға қатысумен қатар, қазақтың дәстүрлі күш мәдениетін дәріптеуге үлес қосып келеді.