Басып шығару нұсқасы
20.04.2024, 00:09

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті сенбілік челленджін бастады

Бүгін Астана қаласы  әкімдігі және Жастар саясаты басқармасы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетімен бірлесіп қалалық сенбілік өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты қалалық сенбілікке ҚазАТЗУ-дың 5000 студенті, 800 профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкері қатысты. Студенттер ел ордадағы Сәкен Сейфуллин көшесі мен Жеңіс даңғылын қоқыстан тазартты.

"Биыл туғанына 130 жыл толатын көрнекті мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин есімін иеленіп отырған университет студенттерінің Сейфуллин атындағы көшенің көркеюіне үлесін қосуы да - заңдылық.   Бұл - ұлттық рухтың ұстыны болған ұлы тұлғаның қайраткерлік қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіруге жасалған тағы бір қадам болды" деді ҚазАТЗУ ректоры Қанат Тіреуов. 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері сенбілік челленджін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жолдады.

Ұқсас сілтемелер