Басып шығару нұсқасы
04.04.2017, 10:39

Астана қалалық жастар мәслихаты депутаттығына үміткер Әмір Батыр

А.ж. 7 сәуірде өтетін VII шақырылымдағы Астана қалалық жастар мәслихатының депутаттығы сайлауына ОҚО, Арыс ауданының Т.Тәжібаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3 курс студенті Әмір Батырдың Сайлауалды бағдарламасы:

«Қолғанат» қайырымдылық ұйымының филиалдарын «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ашу жəне елордадағы қайырымдылық ұйымдарын жинақтап, орталық аппаратты орнату. Балалар үйіндегі балаларға университет студенттерінің тарапынан тегін курстарын ашу. ЖОО-ға түсетін балалардың санын көбейту, сапасын арттыру. Мүгедек жəне көп балалы отбасыларға қолдау көрсету. Балалар үйінен шыққан түлектерге ақпараттық қолдау білдіру.

Астана жастарын қолдау білдіруге шақырамыз!

Біздің қолымыздан бәрі келеді!

Ұқсас сілтемелер