Басып шығару нұсқасы
31.03.2017, 19:20

EXPO көрмесі аясында Димаш Құдайбергеновтың шоу-концерті өтеді

7 маусымда EXPO көрмесінің аясында өтетін Димаш Құдайбергеновтың шоу-концертіне шетелдік әншілер келеді. Бірақ қонақтар тек Димашпен бірге дуэт орындайды, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Астанаға келетін әншілер ішінде Лара Фабиан мен ағайынды Меладзелер бар. Бұл туралы Арыстан Мұxамедиұлы мәлім етті. EXPO көрмесі қарсаңында мерекелік шараларды өтеуге қазынадан 9 млрд теңге бөлінді. Оның 90 пайызы мемлекеттік театрлардың шығынын өтеуге жұмсалады. Ал әлемдік деңгейдегі өнер ордаларының Астанаға келуін шетелдік компаниялар қамтамасыз етеді.



Ұқсас сілтемелер