Басып шығару нұсқасы
03.02.2018, 12:46

Астанада «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде

Автомобиль жолдарындағы жол аппаттарын төмендету, богаж және жолаушыларды тасмалдайтын көлік жүргізушілері арасындағы көлік тәртібін арттыру,  жол қозғаласын қадағалауды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 22 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтемемен silteme.kz АА хабарлады.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Аумақтық көлік кұралдарын бақылау инспекциясы, Мемлекеттік кірістер департаменті, қоғамдық бақылауды қадағалау өкілдерімен  қала автобустарының линияға шығар алдындағы техникалық жайын тексеру, жүргізушінің тіркеулі құжаттарының болуы, автобус жүргізу барысында  талап етілген стандарттарды бұзу фактісін анықтау, көлік құралдарының құрылғыларын заңсыз өзгерту, автобустарға және жүргізушілерге сапарға шығар алдындағы медициналық және техникалық  тексерістер жүргізу  іс-шаралары, жүргізушілердің демалыс және жұмыс режимін сақтау бойынша іс-шаралар өткізуде.

Автобус жедел алдын-алу іс-шарасы басталғаннан бері полиция қызметкерлерімен шамамен 400 жолаушыларды тасмалдайтын автобустардың жүргізушілері ЖЖЕ бұзғанын анықтады, оның ішінде 26 факті жүргізушілердің автобус жүргізу сәтінде телефонмен сөйлесу, 35 шақтысы маневр ережелерін бұзу, шамамен 30 фактісі техникалық тексерістен өтпеген. Сондай-ақ «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы басталғаннан бері жолаушыларды тасмалдайтын автобус жүргізушілерінің кінәсімен 6 ЖКО орын алды. Жапа шеккендер жок.

Полицейлердің мәлімдеуінше осындай іс-шаралар жолаушыларды тасмалдайтын көліктер арасындағы жол көлік оқиғаларының төмендеуіне ықпалын тигізеді.

Ұқсас сілтемелер