«Павлодар-Астана» тас жолында 18 бала мен 4 тәрбиешінің өміріне араша түскен Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовке жекеменшік компаниялардың бірі 5 млн теңгеден тарту етті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Әрине, ерлеріміздің батыл әрекетін елеп, қаржылай көмек көрсетілетінін күтпеген едік. Мәселе онда емес қой. Ең бастысы, жолдасым жазылып, үйге оралса игі», - дейді Әсел Нұрсейітова.
«Бүгінгі күннің батырларын ұмытпау керекпіз. Олар бастарын қатерге тігіп, ұл-қыздардың өмірін сақтады. Менің ұлтым – голландық. Қазақстанда еңбек етіп жатқаныма көп уақыт болған жоқ. Мен полицейлердің ерлігіне сүйсіндім, жерлестеріме алғыс білдіремін», - деді «Алмател» АҚ-ның бас директоры Эрик Франке.
Айта кетейік, өңірдегі ІІД-нің басшылығы қос тәртіп сақшысын мемлекеттік марапатқа ұсынды.
Еске сала кетсек, жолдағы оқыс жағдай «Павлодар-Астана» тас жолында, Спутник және Пограничник ауылдарының арасында орын алды. 18 оқушы мен 4 тәрбиеші отырған автобус Баянауыл ауданынан Павлодарда өтетін спорттық жарысқа келе жатқан. Кенеттен КамАЗ көлігі жолдың қарсы бетіне шыққан. Полицейлер қырағылық танытып, балаларды аман сақтап қалу үшін қатты соққыны өздеріне алды. Салдарынан тәртіп сақшысының бірі ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.