Басып шығару нұсқасы
01.02.2018, 18:06

Автобус өртенгенде тірі қалған Өзбекстанның екі азаматы Отанына оралды

Автобус өртенгенде тірі қалған Өзбекстанның екі азаматы Отанына оралды Nur.kz

Ақтөбе облысында автобуста болған өрттен тірі қалған екі Өзбекстан азаматы отанына оралды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. 

"Оларды Өзбекстанға алып кетті ", - деді Әсет Қалиев.

Оның айтуынша, Өзбекстан азаматтарын Ақтөбедегі "жедел жәрдем" ауруханасынан алып кеткен.

Бұған дейін хабарланғандай, 18 қаңтарда Ақтөбе облысында Самара - Шымкент автожолында ішінде 57 адам бар автобус өртенді. Апат салдарынан Өзбекстанның 52 азаматы қаза болды. Қазақстанның үш азаматы-жүргізушілер мен Өзбекстанның екі азаматы-жолаушылар тірі қалды. Өртке қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

Автобус жүргізушілері қамауға алынды.

©today.kz