Басып шығару нұсқасы
18.03.2018, 12:39

Головкин – "Канело" реваншына арналған кезекті трейлер шықты

Головкин – "Канело" реваншына арналған кезекті трейлер шықты sputniknews.kz

Желіде Геннадий Головкин — Сауль Альварес реваншына арналған кезекті трейлер жарияланды, деп жазады sports.kz.

 

Трейлер "Жеңілмеген" деп аталады.

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен еді. Төрешілер шешімімен 12 раундтық кездесу тең аяқталды. 

Қарымта жекпе-жек 5 мамырда дәл сол Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр.

sputniknews.kz