Басып шығару нұсқасы
20.12.2017, 11:56

Биткойнның негізін салушы әлемдегі ең бай 50 адамның қатарына қосылды

«Сатоши Накамото» деген лақап атпен танымал криптовалютаның авторы әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 44 орынды иеленді, деп хабарлайды silteme.kz.

Оның байлығы 19,4 миллиард долларға бағаланған, деп жазады MarketWatch.

Бағалау бойынша, Сатоши Накамото (бұл бүркеншік ат жеке адам емес, бір топтың жасырын аты болуы мүмкін) 980 мың биткойн 18 900 доллармен сатылған жағдайда ғана байлардың тізімінен табыла алады, ал төмендеген жағдайда бірден тізімнен түсіп қалуы мүмкін.

Қазан айында, виртуалды валюта шамамен 6000 доллар болған кезде, биткойнды ойлап табушы Forbes тізімінде 3 жүздіктің ортасында ғана болған еді.

Ұқсас сілтемелер