Басып шығару нұсқасы
29.01.2018, 09:04

Бойжеткен қыз ажары

Бойжеткен қыз ажары elana.kz

Халық арасында бойжеткен қыз ажарына қарай 6-ға бөлінген. Соларды оқырмандардың назарына ұсынғанды жөн көрдік.

1. Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп
тұратын.

2. Көрікті қыз – істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.

3. Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік,

4. Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты.

5. Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні
шымыр.

6. Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті,
сұңғақ бойлы, терең ойлы.

©kyzdaralemi.kz

Ұқсас сілтемелер