Басып шығару нұсқасы
19.01.2018, 10:47

Ұры үй иесіне үш жылдан соң кешірім сұрап хат жазған. Қожайын кешірді ме?

Жолдасбек ДУАНАБАЙ Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бағалы заттарын тонап кеткен ұры үй иесіне үш жылдан соң кешірім сұрап хат жазған. Қожайын болса мұндай адалдыққа разы болып, арызын қайта алған, деп жазады aikyn.kz порталына сілтемемен silteme.kz.

Ақпарат көзінің дерегінше, оқиға былай болған:

2007 жылы белгісіз біреу Нью Мехикодағы Сюзи Фронтеротта деген азаматтың үйіне ұрлыққа түсіп, бағалы заттары мен ірі көлемде ақша алып кетеді. Полиция да сұғанақтарды тез арада таба алмай әбігерге түседі.

Арада үш жыл өткенде Сюзи күтпеген жерден сәлемдеме алады. Қорапты ашқанда ішінен өзінің жоғалған бағалы заттары мен «Сіздің мүлкіңізді ұрлағаным үшін кешірім сұраймын, осы оқиғадан соң өмірім тозаққа айналды. Тағы да кешірім өтінемін» деген қолжазба шығады. Ұры тіпті 1000 долларын ақша тапқанда қайтаратындығын да ұмытпапты.

Осындай да адал адамдар болатындығына риза болған Сюзи полициядан  арызын қайтарып алып, ұрыны жазаға тартпауды өтініпті.

Ұқсас сілтемелер