Басып шығару нұсқасы
01.10.2016, 11:46

Батырхан Шүкеновтың алғашқы бейнебаяны табылды

Мұрағаттан Батырхан Шүкеновтың алғашқы бейнебаяны табылды, деп хабарлайды silteme.kz.

Бұл туралы instagram.com әлеуметтік желісінде жарияланды.

 2015 жылы 28 сәуірде еліміздің жарқын бейнесі, әнші, композитор Батырхан Шүкенов өмірден озған еді. Бұл қазаға Батырханды сүйіп тыңдайтын талай жанның қабырғасы қайысты. Марқұмның өнер сахнасындағы туындылары мен қайталанбас бейнесін сағынған табынушылары ол туралы естеліктер жинап, концерттер өткізді.

Жақында әншінің "Азия дауысы" мұрағатында сақталып қалған алғашқы клипі табылды. Бұл жаңалық әлеуметтік желідегі Батырханға арналған парақшада жарияланды. Видеоның астында: "Жақында ТВ-да сенсациялық алғашқы клип! “Азия дауысы” мұрағатында сақталған. Александр Пономарев пен Мұрат Ерғалиевке рахмет”, – деп жазылған.  

https://www.instagram.com/p/BK_Y6hsgd-S/

Ұқсас сілтемелер