Басып шығару нұсқасы
28.11.2016, 09:14

Ғалымдар миды құтыда өсіру әдісін тапты

Ресейлік ғалымдар жаңалық ашты. Олар адам миында есте сақтау қабілетіне жауап беретін нейрондарды құтыда өсіруді үйренген, деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Әрине,  алғашқы тәжірибе адамға жасалмаған. Биоматериалды тышқандардан алып, арнайы құтыларға салады. Ғалымдар оны платформалар деп атайды. Нейрондар осы платформаларда өсіп, арнайы ортаның әсерімен дами бастаған.
Ғалымдар енді ғылымға белгісіз адам миының механизмдерін зерттеп, оны құтыда осы әдіспен өсіруді қолға алмақшы. Бұл бастама жадының ауытқуы мен Паркинсон дертін емдеуге көмектеседі деген үміт бар.