Басып шығару нұсқасы
14.12.2024, 15:59

Мәслихаттардың 30 жылдығы Орал қаласында атап өтілді

Орал қаласында мәслихаттардың 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мерейтойлық іс-шараға облыс әкімі, мәслихат төрағасы және өңірлік депутаттар қатысты. Басты қонақ – «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев мәслихаттардың мемлекеттегі рөлі мен дамуы туралы баяндама жасады.

«Мәслихат – бұл мемлекеттік басқарудағы халықтың дауысы. Депутаттар өз сайлаушыларының мәселелерін тыңдап, жергілікті проблемаларды шешуге атсалысуы керек», – деді астаналық қонақ. Төраға сондай-ақ заманауи жұмыс форматын енгізу қажеттігін айтып, әр округте арнайы кеңестер құруды ұсынды. Бұл кеңестер азаматтық қоғамның түрлі өкілдерін біріктіріп, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етпек.

Жиын барысында мәслихаттарға еңбегі сіңген депутаттарға «Құрметті депутат» төсбелгісі, алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Төлеубек Мұқашев барлық мәслихатшыларды жергілікті мәселелерді шешуде белсенді болуға шақырып, «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидатын жүзеге асыруға атсалысу қажеттігін ерекше атап өтті.

Ұқсас сілтемелер