Басып шығару нұсқасы
14.12.2017, 16:50

Қарағандыдағы шахтаның бірінде күзетші көз жұмды

Қарағандыдағы шахтаның бірінде күзет фирмасының күзетшісі көз жұмды. Бұл жағдайдың «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-дағы кеншілер наразылығына қатысы жоқ, деп хабарлайды silteme.kz.

Кәсіпорын аумағында күзет қызметін көрсететін «Беркут-7» ЖШС-нің қызметкері Костенко кенішіндегі жұмыс орнында қаза тапты.

«Бүгін кәсіпорын аумағында күзет қызметін көрсететін «Бүркіт-7» ЖШС-ныі қызметкері Костенко кенішінде қайтыс болды. Қаза болған Мороко А.И.1960 жылы туылған. Алдын ала қойылған диагноз - өкпе күретамырының тромбоэмболиясы», - дейді ЖШС-нің баспасөз қызметінен. Бұл жағдайдың АрселорМиттал Темиртаумен еш қатысы жоқ.

Еске сала кетсек, «АрселорМиттал Темиртау»АҚ-ның жұмысшылары басшылықтан жалақыларын көтеруді талап етуде. Қазір кеншілер мен басшылық арасында келіссөз жүріп жатыр.

Ұқсас сілтемелер