Басып шығару нұсқасы
04.05.2018, 10:14

1,3 мыңнан аса дрон көкте жазу жазды

Қытайдың орталығында орналасқан Сиань қаласында 1374 дрон көкте самғады. Самғап қана қойған жоқ. Әуеде өрнек салды, деп хабарлайды 24.kz.

Ұйымдастырушылар жаңа рекорд тіркеуді мақсат тұтқан. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында осындай 1218 аппарат ұшырылған еді. Ал осы жолғы шарада дрондар әуеде әртүрлі пішіндерді бейнеледі, тіпті Қытай президенті Си Цзиньпинге арналған ұрандарды жазып шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Ихань компаниясы жолаушыларға арналған дрондар шығарып, жаңа рекорд орнатқан болатын.

Ұқсас сілтемелер