Басып шығару нұсқасы
04.10.2016, 14:02

Корабльдердің жиын-жорығы өтті

ҚР ҚК ӘТК-нің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Каспий теңізінің су айдыны бойынша ко­рабльдердің жиын-жорығы аяқталды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Жиын-жорықтың мақсаты – Каспий теңізінің қазақстандық секторында қолайлы жедел режимді ұстап тұру

Жиын-жорықты жасау кезінде ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері, яғни, «Сарыарқа», «Орал» және «Қазақстан» зымыран-артиллериялық корабльдері 7 күн бойы шекара маңындағы су аумақтары бойынша Каспий теңізі қазақстандық секторының барлық су айдынын жүзіп өтетіндігімен ерекшеленді. 
Жиын-жорықты өткізу барысында корабльдер теңізге өтуде ко­рабльдің әуе шабуылына қарсы қорғанысын ұйымдастыру, корабльге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастыру, біртекті ко­рабльдердің жалғануы құрамындағы орағыту, АК-306, 23 мм ЗУ-23-2 мен 12,7 мм «Утес» НСВП 30 мм артиллериялық қондырғыдан теңіз нысаналары бойынша практикалық оқ атуларды өткізу және корабль­ді қорғаудың барлық түрлерін ұйымдастыру секілді тапсырмалар пы­сықталды. 
«Мен алғаш рет экипаждың ұйымдасқан және үйлесімді іс-әре­кетінің куәгері болдым» деп «Орал» зымыран-артиллериялық ко­раблінің экипажы құрамында теңізге алғаш рет шыққан 2016 жылдың түлегі, лейтенант Есбол Әбілқайыров атап өтті. 
«Бас қолбасшының қойған барлық тапсырмалары орындалды. Практикалық оқ атуларда барлық нысаналар жойылды» деді ко­рабльдердің жиын-жорығындағы жетекші 29011 әскери бөлімінің командирі, І дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков. 
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы корабльдердің жиын-жорығы ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанзақовтың басшылық етуімен өткенін естеріңізге сала кетейік. Корабльдердің жиын-жорығы жылына бір рет өтеді.

Ұқсас сілтемелер