Басып шығару нұсқасы
27.11.2017, 10:35

Қазақстандық дзюдошылар «Grand Slam» турниріне қатысады

2-3 желтоқсан күндері Жапонияның Токио қаласында дзюдодан кезекті әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді, деп хабарлайды silteme.kz.

65 елден 452 дзюдошы қатысады деп жоспарланған халықаралық додада Қазақстан намысын үш дзюдошы қорғайды. Олар: Рустам Ибраев (60 кг), Дидар Хамза (81 кг) және Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг).

IJF ережесіне сәйкес, «Grand Slam» турнирінде жеңімпаз атанған дзюдошыға 1000 ұпай, екінші орынға - 700 ұпай, үшінші орынға 500 ұпайдан беріледі.

Ұқсас сілтемелер