Басып шығару нұсқасы
29.08.2016, 17:30

"Астана" командасы жарады!

"Астана" командасы БАТЭ клубын жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтей отырып silteme.kz.

Беларусьтің БАТЭ командасымен қарымта кездесуінде "Астана" тең ойнады."Борисов-Аренанада" өткен кездесудің бірінші таймы алаң иелерінің пайдасына шешілді - 1:0. БАТЭ форварды Михаил Гордейчук 27-ші минутта есеп ашқан.
Ал екінші таймның төртінші минутында, яғни 49-шы минутта Немания Максимович бұрыштамадан берілген допты қарсылас қақпасына баспен дәл бағыттап, есепті теңестіре білді.