Басып шығару нұсқасы
16.02.2017, 11:20

Василий Левит аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді

Боксшы Василий Левит спарринг кезінде аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді деп хабарлайды stan.kz.

Бұл туралы  “ВКонтакте” әлеуметтік желісіндегі «Team LEVIT» ресми тобында айтылды.

Жекпе-жек Талғардағы базада Қазақстан ұлттық құрамасының Германия және АҚШ командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны аясында өткен. «Бүгін Василий Левит Германия боксшысы Макс Келлермен спаринг өткізді. Екінші раундта Василий неміс спортшысын нокдаунға жіберді. Германия боксшысы аса ауыр салмақта екендігін айта кетейік», – делінген хабарламада.

Ұқсас сілтемелер