Басып шығару нұсқасы
29.08.2016, 17:46

Ислам Кәрімовтің қызы әкесінің инсульт алғанын хабарлады

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қызы Лола Каримова-Тилляева мемлекет басшысының миына қан құйылғанын хабарлады, дейді baq.kz. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тағы парақшасына жазды.

«Алып-қашпа әңгімелердің тарап кетуін болдырмау үшін өз парақшамда сіздермен отбасымызда орын алған ауыр жағдайды бөліспекшімін. Сенбі күні таңертең миына қан кетуіне байланысты әкем аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Қазір қандай да бір болжам айтуға ерте. Халықтан әртүрлі қауесетке жол бермей, отбасымыздың құқығына құрметпен қарауды өтініп сұраймын. Әкемнің амандығын тілеп дұға еткендерге алдын ала алғыс білдіремін». - деп жазыпты  Лола Каримова-Тилляева, өзінің Facebook-тағы парақшасына.

Ұқсас сілтемелер