Стандарттар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ-мен көрсетілетін қызметтердің негізгі талаптары мен ұғымдық аппаратты құрайды. Онда ҮЕҰ көрсету қызметтерінің мазмұны, шарттары мен сапасына бірыңғай талаптар бекітілген.
Стандарттар өзінің форматы мен мазмұны бойынша тапсырыс берушілерге (мемлекеттік органдар) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты өткізу үшін конкурстық құжаттарды дайындау, әлеуметтік жобалар/бағдарламаларды жоспарлау және жүзеге асыруда, сонымен қатар, ҮЕҰ көрсетілген қызметтің сапасын бағалау және мониторинг өткізуде өзіндік нұсқаулық болып табылады.
Сонымен, әзірленіп жатқан жобаға сәйкес, бірыңғай талаптар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ көрсетілетін қызметтердің бірнеше түріне, оның ішінде оқыту, кеңестік, ақпараттық, әдістемелік және сараптамалық-зерттеулік қызметтерге қолданылады. Стандарттар азаматтық (ресурстық) орталықтардың жұмысы мен іс-шаралар ұйымдастыру бойынша қызметтерге де қолданылатын болады. Осылайша, стандарттарға сәйкес, тапсырыс берушілер сәйкесінше тәжірибесі мен біліктілік деңгейі бар мамандарды тартатын болады. ҮЕҰ қызмет көрсету кезінде басшылыққа алатын басты принциптері – кәсібилік, тұтынушының ақпаратқа қол жетімділігі және мақсатты топтардың сұраныстарына бейімделу болады.
Сондай-ақ, алғаш рет ҮЕҰ қызметінің әрбір түрі бойынша үдерістің сапасы мен көрсету нәтижесінің, сонымен қатар аталған стандарттарға дайындалған өлшемдер бойынша минималды және максималды маңыздылығын бағалаулың негізгі критерийлері анықталды.
Министрлікте қызмет көрсету тәртібіне бірыңғай талаптарды енгізу әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тиімділігін артуға мүмкіндік беретінін және ҮЕҰ сапасыз қызмет көрсету тәуекелділігін азайтатынын атап өтті.