Басып шығару нұсқасы
23.07.2018, 18:55

Қазақстан мен Ауғанстан екеуара бизнес ынтымақтастықты нығайтпақ

2018 жылдың 17-18 шілде күні Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бойынша министрлік, Қазақстан Республикасының «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Ауғанстанның Кабул қаласында ресми сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.  

Іс-шара барысында ықтимал серіктестерді іздеуге бағытталған іскер байланыстардың биржасы, миссияға қатысушылардың тікелей байланысы болады. Сондай-ақ, бұл шара екі өңір арасындағы кәсіби қарым-қатынастың дамуына бағытталып отыр.

Сауда-экономикалық миссия бағдарламасында Қазақстан мен Ауғанстан мемлекеттері тарапынан  бизнесмендер мен ресми өкілдері қатысуы жоспарланған.

Анықтама: Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы (ҚСП) 2014 жылдың 29 шілдесінде құрылған және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес компаниясы болып саналады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының алдына қойылған негізгі міндет – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнес мүддесі тұрғысынан әрекет ету.

Ұқсас сілтемелер