Басып шығару нұсқасы
02.11.2016, 17:51

Автожол бойында қызмет көрсету сапасы жақсартылады

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылға дейін негізгі автожолдардың бойында Ұлттық стандарт талаптарына сай келетін 260 қызмет көрсету нысаны орналастырылатын болады. Қазір жергілікті атқарушы органдармен аталмыш нысандар орналасатын орынның сызбасы бекітілді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, 260 қызмет көрсету нысанының 91-і қажетті қызмет түрлерінің барлығын көрсете алатын А-Б санаттарына сәйкес келетін болады. Қалған нысандар  автотұрақ, тамақтану бекеті мен бөлшек сауда орындары қарастырылған С санатына сәйкес келетіріледі.

«Бүгінгі таңда республикада 80 % Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін елдімекендерге жақын жерлерде орналасқан 2,5 мың қызмет көрсету нысандары жұмыс істеп тұр. Жергілікті атқарушы билікпен олардың (А В С D) санаттарының талаптарына сай келуін тексеріп, инвентаризация жүргіземіз»,-деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар, министрлік жол бойындағы қызмет көрсету нысан иелерінің нысанды Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру үшін  мынаны ұсынады:

- Бизнестің жол картасы 2020 аясында жеңілдетілген несие қарастыруды;

- жергілікті атқарушы органдардың инженерлік коммуникация жүйелерін тартуды өздеріне алуларын (электр, су және кәріз жүйелерін).

Ұқсас сілтемелер