Басып шығару нұсқасы
18.01.2018, 13:40

АҚШ Қазақстанда ағылшын тілі мұғалімдерінің жаңа буынын дайындайтын болды

АҚШ 2050 жылға дейін үш тілді қоғам құрмақ ойы бар Қазақстан үкіметіне ықпал етуге дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлады қазақстандық президенттің баспасөз қызметінен. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі жазды.

2017 жылы ағылшын тілінен сабақ беретін 2800 аса қазақстандық мұғалім біліктілікті арттыру жөніндегі интернет-семинарларға қатысқан.

"2018 жылы америкалық ұстаздар Қазақстан аймақтарында ағылшын тілін оқыту әдістемесін жақсартуға ықпал ететін болады", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар АҚШ "Журналистерге арналған ағылшын тілі бағдарламасын" қаржыландыруда, ол 230 қазақстандық журналистің кәсіби біліктілігін жақсартатын болады.

Дереккөз: today.kz

Ұқсас сілтемелер