Басып шығару нұсқасы
05.12.2017, 15:24

Құмар Ақсақалов қаржыны шыршаға емес, шаруашылыққа жұмсамақ

Соңғы бес жылда СҚО орталығында жаңа­жыл­дық шыршаны орнатып, безендіруге 100 миллионға жуық теңге бағытталып, құмға сіңген су сияқты із-түз­сіз кетіпті. Ал аудан­дар мен елді мекен­дер­де жұмсалған шығын­дар­ды есептейтін болсақ, қайтарымы жоқ қаражат­тың еселене түсері анық, деп хабарлайды egemen.kz.

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов бюджет қара­жатын шүлен таратқандай оңды-солды шашу «тәжірибесін» тоқ­татуды кесіп айтты.

"Жылда шыр­шалар мен шамдарды жа­ңалағанша бұрынғыларын не­ге пайдаланбасқа? Мұз қала­шық­тарын салуға қалталы азаматтарды, кәсіпкерлерді тартуға болады" дей келіп Құмар Іргебайұлы жергілікті қазына қаржысы бірінші кезекті қалалар мен ауылдарды абаттандыруға, жолдарды жөндеп, қалпына кел­тіруге, ауыз су жеткізуге, бір сөз­бен айт­қан­да,­ тұрғындардың мұқ­таж­да­рына, әлеуметтік мәсе­лелерге бағыт­та­ла­тынын жеткізді.

Петропавл қаласында жаңа­жыл­­дық шырша мен көшелерді әшекейлеу үшін 2015 жылы 24 миллион теңге бөлініп, рекорд­тық көрсеткішті құрағаны бел­гілі.

Ұқсас сілтемелер