Басып шығару нұсқасы
16.04.2018, 14:44

Аустралиялық зерттеушілер Қазақстанға жаңа атау берді (фото)

Аустралиядағы Credit Card Compare компаниясы әлем картасын жасап шығып, онда барлық мемлекет атауларын аударып қойған. Соныме қатар мемлекет атауларының мағынасын  да жазуды ұмытпапты. Бұл туралы «Караван» басылымы хабарлайды.

Зерттеушілер Қазақстанды картада «әрқайсысы белгілі бір жерде орналасқан орын» деп көрсеткен. Ал бізбен көршілес жатқан Қырғызстан мемлекетін «40 тайпа мемлекеті» ретінде енгізген. Сонымен қатар зерттеушілер Өзбекстанды «еркін халықтар мемлекеті», Тәжікстанды «тәжіктер үйі» деп аударыпты.

Аустралиялық зерттеушілер Қазақстанға жаңа атау берді (фото)

Картада кей мемлекеттер жергілікті халқына байланысты атауға ие болса, өзгелеріне орналасқан жеріне, ландшафтына, үшіншілеріне жергілікті халықтардың мәдени ерекшеліктеріне байланысты «өзгеше» атау берілген.

Аустралиялық зерттеушілер Қазақстанға жаңа атау берді (фото)

Мысалы, «Корея» сөзі қытайдың «корьё» сөзінен шыққан. Ол «ұзын және әдемі» деп аударылады. Ал «Аустралия» сөзі «оңтүстік» деген мағынаға саяды.

Аустралиялық зерттеушілер Қазақстанға жаңа атау берді (фото)

Бұрындарда Италияның оңтүстігінде мекендеген халықтарыдың белгісі өгіз болған. Сондықтан мемлекет атауы латын тіліндегі «witaloi» (бұзау) сөзінен шыққан.

Аустралиялық зерттеушілер Қазақстанға жаңа атау берді (фото)

Ұқсас сілтемелер