Кезектi тонаудан кейiн ұрылар құнды заттарды ломбардқа тапсырмаққа ниеттенген едi, жол оларды абақтыға апарды. Әттеген-айы ломбард қызметкерi ұрланған заттардың иесi болып шықты. Ол өзiнiң үйiндегi заттарын бiрден танып, көршiсiне хабарласады. Көршiсiнен үйiнiң тоналғанын естiп, ол дәл сол жерде екi қылмыскердi полиция қызметкерлерiне ұстап берiптi.