Басып шығару нұсқасы
02.02.2018, 17:27

Иммунитетті нығайтып, тұмаудан сақтайтын 3 сусын

Иммунитетті нығайтып, тұмаудан сақтайтын 3 сусын alashainasy.kz

Күні бойы сергек жүруіміз, әрі денсаулығымызды сақтау үшін мақаламызда аталған сусын түрлерінің тигізер пайдасы мол және емдік қасиеті бар. Қақаған аяз бен ызғары сүйектен өтетін қыс мезгілінде өзімізді және жақындарымызды аурудан сақтап, олардың алдын алып жүрейік.

Сондықтан таңертең кофе емес, осы сусынды ішіп жүріңіз:

1. Лимон + жалбыз. Жалбыз табиғи антибактериалды өсімдік болса, лимон күш-қуат беріп, иммун жүйесін нығайтады. Сусынды дайындау үшін жалбыз жапырақтарының үстіне қайнаған су құйып, жарты лимонның шырынын қосасыз.

2. Лимон + анар. Анар – күнделікті тұтынуымыз тиіс дәрумендердің 40 пайызын құрайды! Қабынуға қарсы қасиетке ие болғандықтан тұмау, суық тию т.б вирустық ауруларды болдырмайды.

3. Лимон + зімбір. Зімбір зат алмасуды, асқорытуды жақсартып, иммунитетті нығайтады. Зімбір тамырының аз бөлігін майдалап турап үстіне қайнаған су құйып, лимон шырыннын қосыңыз. Бал қосып, сусынды тәтті етіп алсаңыз болады. Денсаулығыңыз мықты болсын!

©jastar.kz