Басып шығару нұсқасы
13.02.2018, 16:34

Отбасындағы жөн-жоралғылар

Отбасындағы жөн-жоралғылар zheruiyq.kz

Қазақ әйелдері барған үйіне құр қол келмейді. Сол сияқты қонақты да бос қол жібермейді, сый-сияпат ұсынады.

Өртте, індетте, апатта мал-мүлкі шығын болғандарға бүкіл ауыл, туған-туыстар міндетті түрде көмектеседі. Адамдардың ынтымағы осындай уақытта көрінеді.

Құрдас адамдар қалжыңдасып, әзілдесіп отырады. Мұны ерсі санауға болмайды. Құрдастық қалжың басқа халықтар дәстүрінде жоқ, тек қазақтарда ғана бар.

Баласына қалыңдық іздеген ата-ана әулетінде ұрпаққа зиянды тұқым қуалайтын ауруы жоқ отбасына ғана құда түседі.

Әйелдер қолын жумай мал желінін ұстамайды.

Ұзатылған қыз жыл толмай өз үйіне келуіне рұқсат жоқ. Ол әбестік, ұят іс болып саналады.

Әкесіз бала туған әйелге құрмет көрсетілмейді.

Қонақтың көлігін мінбейді. Киімін кимейді, ұнамды затын сұрау қазақ әдетінде жоқ.

Үйге келген кісіге «Сен кімсің?» демейді, ықылас білдіріп, төрге шығару ата-дәстүрімізден.

Күйеуі қайтыс болған әйел жыл толмай тұрмысқа шықпайды.

Туған-туыс, ілік-жекжаттармен араласып-құралас тұру – ұлттық парыз.

©elana.kz

Ұқсас сілтемелер