Атырауда ұл тауып бермегені үшін «туған» әйелі мен үш қызын тастап кеткен 63 жастағы атыраулық енді некесіз туған төртінші қызы үшін алимент төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды baq.kz.
Атырауда ұл тауып бермегені үшін «туған» әйелі мен үш қызын тастап кеткен 63 жастағы атыраулық енді некесіз туған төртінші қызы үшін алимент төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды baq.kz.
Сот материалына сәйкес, З. есімді талапкер жауапкермен 10 жыл бірге азаматтық некеде тұрған. Ұл тауып беруін қалаған азамат қыз дүниеге келген соң азаматтық некедегі әйелін тастап, отбасына – некедегі әйелі мен үш қызына қайта оралған. Зейнет жастағы ер азаматтың жауапсыздығынан жалғыз басты ана атанған келіншек одан алимент өндіріп алу үшін үстінен арыз түсіреді.
Аталған іске төрағалық етуші судья Б.Идирисов тараптарды татуластырып, сотты медиациялық келісіммен шешті.
Оған сәйкес, зейнеткер азаматтық некеде туған қызына қатысты әкелігін мойындап, баласы кәмелет жасына толғанға дейін материалдық көмек беруге міндеттелді.