Басып шығару нұсқасы
25.08.2016, 12:14

БҚО-да инспекторлар киік аулаушылардың жолын кесті

Оқиға а.ж. 24 тамызында БҚО-ның Қазталов ауданы аумағын әуе бақылауы кезінде орын алған, деп хабарлайды silteme.kz.

Қазақстандағы киіктің, сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы тұяқты жануарлар түрлерінің санын сақтау, қалпына келтіру және есепке алу бойынша жұмыстар мен қызметтерге жауапты болып табылатын «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК инспекторлары аңшыларды әуеден байқап қалған. Алайда, олардың тексеріс үшін тоқтау жөніндегі заңды талаптарына бағынбаған мотоциклді екі адам «Жұлдыз» елді мекеніне кіріп, жасырынып үлгерген.

Инспекторлар көлік ізімен жүре отырып, 12 калибрлі қару, киіктің мүйізі мен етін және қолдан аралап алынған 4 мүйіз салынған рюкзак тауып алған.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша деректер құқық қорғау органдарына тапсырылды. 

Ұқсас сілтемелер