Басып шығару нұсқасы
17.01.2018, 11:00

АҚШ-та ұры қандай қылмыстар жасағанын анкетаға жазып, полицейлер қолына түсті

Жолдасбек ДУАНАБАЙ Жолдасбек ДУАНАБАЙ

АҚШ-та полицияға қызметке тұрмақшы болған ұры анкета толтыру барысында әлі күнге ашылмаған қылмыстар жасағанын жазып, қолға түскен, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Бұл туралы "Айқын" газетінің ресми сайтында жазылған. Ондағы ақпаратқа қарағанда, оқиға былай болған:

АҚШ-та Техас штатында тұратын Эдвин Гайнор полицияға қызметке тұрмақшы болады. Анкета толтыру барысында «Бұрын қылмыс жасап па едіңіз?» деген сұраққа әлі күнге ашылмаған қылмыстар жасағанын жазып қойыпты.

Эдвин Гайнор бес қылмыс жасаған екен. Оның ішінде көлік ұрлығы да бар. Алғашында мұны әзіл шығар деп қабылдаған тәртіп сақшылары ақпаратты тексеріп көреді. Алайда, шын мәнінде, ол қолының жымысқысы бар адам болып шығады. Полиция қызметкерлері оны қызметке алуды емес, бірден түрмеге қамауды жөн санапты.

Ұқсас сілтемелер