Басып шығару нұсқасы
15.01.2018, 18:18

Ұлтараққа есірткі жасырып, шекарадан өтпек болған

Сарыағаш шекара жасағының шекарашылары ұлтарағына есірткі жасырып, Қазақстаннан Өзбекстанға алып өтпек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ға сілтемемен silteme.kz AA.

Ведомствоның хабарлауынша, «Қапланбек авто» бекеті арқылы жаяу өтпек болған 44 жастағы Өзбекстан азаматы.

«Ол Қазақстаннан Өзбекстанға жаяу өтуді көздеген. Жіті тексеру кезінде ұлтарағынан есірткі заты табылды. Ол 50 грамға жуық марихуананы алып өтпек болған», - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша ОҚО құқық қорғау органдарына хабар берілді.

Ұқсас сілтемелер