Басып шығару нұсқасы
03.03.2017, 16:58

Елімізде 800-ден астам адам рақымшылыққа ілінді

Қазақстанда рақымшылық заңын жүзеге асырудың негізгі сатысы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«2017 жылдың 1 наурызы күні ҚР рақымшылық туралы Заңы қабылданғаннан бастап, барлығы тоғыз мыңнан астам материал сотта қаралды. Соның ішінде республикада 800-ден астам сотталушы бостандыққа шықты. Қоғамнан оқшауланбай, пробациялық бақылауда жазасын өтеп жүрген тағы үш мың адам соттың шешімімен босатылды», — деп хабарлады республикалық пенитенциарлық жүйе ведомствосында.

Аталып өткендей, 1,2 мыңнан астам сотталушының жазасын өтеу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, түрлі себептермен 60-тан астам сотталушының өтініші қабылданбады. Олардың көбісі қылмыс салдарынан келтірілген залалды өтемеген.

 

 

Ұқсас сілтемелер