Басып шығару нұсқасы
10.12.2016, 07:33

Қарағандыда жойқын жарылыс жасауды жоспарлаған радикалдар сотталды

Қарағандыда бүгін бір топ радикалға үкім кесілді. Ресейдің әскери базасына шабуылдап, облыс бойынша біршене жерде жарылыс жасауды жоспарлағандар жазда ұсталған болатын, деп хабарлайды КТК.

Бірнеше бап бойынша айыпталған радикалдық топтың екі серкесі енді 14 жылын темір торда өткізуі тиіс. Ал, үш бірдей белді мүшесі 12 жылдан арқаласа, біреуі 11, тағы екеуі 10 жылға кесілді. Бұлардың барлығы да жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Естеріңізге салсақ, 26 шы маусымда арнайы операция кезінде осы лаңкестік топтың бір мүшесі өзін өзі жарып жіберген болатын. Қолға түскен сегізінен қару-жарақ пен қолдан жасалған 11 келі жарылғыш зат тәркіленген. Олар бұл арсеналмен Балқаштағы Ресейдің әскери базасының күлін көкке ұшырмақ болыпты. Топтың алты мүшесі тергеуде осының бәрін тәптіштеп айтып берген. Бірақ олар үмітттенгендей бұдан жазалары жеңілдеген жоқ. Ал қалған екеуі кәнілерін сол күйі мойындамаған.

«Соттың үкімімен келіспеймін, себебі Үсенов Қайыр мен Үсенов Думанның дәлелдері жеткіліксіз емес деп санаймын. Балқаш көлінің жағасында жиынға шақырған ғой. Сол жерде сондай жасайық деген ұсынысты естіді. Бірақ олар оны бола ма, болмай ма деп көздері жеткен жоқ. Қару- жарақты дайындағандарын білмейтін олар», – дейді адвокат Асхат Бейсенбаев.

Ұқсас сілтемелер