Басып шығару нұсқасы
28.09.2016, 10:02

Алматыда 2 000-дай автотұрақ ашылады

Жыл біткенше Алматыда 2 000-дай автотұрақ ашылады  деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Ақылы автотұрағы апта сайын ашылып жатқан Алматыда оның тиімділігі де біртіндеп байқалуда. Мәселен, кептелісі көп «Көк базарда» көлік сирей түскен. Бұл аумақта қосымша 123 тұрақ орны жабдықталады деп күтілуде.

Одан әрменгі жоспарда тұрғаны – апта сайын бір тұрақ  орнын ашу. «Көк базар» маңындағы көшелерді бойлай тұрақ орындарын қарастырамыз. Автотұрақтарды Жібек жолы көшесінің бойымен Қонаев көшесіне дейін, Қонаев көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін орнатамыз. Атқарылар  біраз шаруа бар. Гоголь көшесінің бойы да  бағдарламамызға кіреді. Жыл соңына дейін 2 мыңдай  автотұрақты іске қоссақ деп отырмыз, – деп мәлімдеді «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков.

Айнабай Мәди

Ұқсас сілтемелер