Басып шығару нұсқасы
24.05.2018, 09:28

Тадж-Махалға экологиялық қауіп төніп тұр

Аппақ ғимараттың сырты сарғайып, біртіндеп бүлінуде. Себебі оның маңайы қоқыс пен зиянды жәндіктерге толып, Агра қаласындағы зауыттардан шыққан түтін ауаны ластап жатыр.

Салдарынан жергілікті туризм саласына нұқсан келуде. Сондықтан мамандар билікті қажетті шараларды қолға алуға шақырып отыр. Тіпті Жоғарғы сот қала әкімдігіне кесененің төңірегіндегі экологиялық жағдайды қалпына келтіруге бұйырды.

Шамсуддин Хан, Агра қаласы гидтері қауымдастығының президенті:

- Тадж-Махал ластанып, құрып барады. Оның маңындағы өзен қоқысқа толған. Көліктер көп, жақын маңайлардың бәрінде құрылыс жұмыстары жүруде. Бұл жергілікті туризмге үлкен нұқсан келтіріп, саяхатшылр қарасы барған сайын азаюда. Сондықтан биліктен Тадж-Махалды қорғауды қолға алуын сұраймыз.

Франческо, аргентиналық саяхатшы:

- Тадж-Махал – Үндістанның басты символдарының бірі. Қаланы тазартуға болады. Бірақ билік бұған көңіл бөлуі керек. Өйткені мынадай жағдай өте ұят.

Дереккөз: 24.kz

Ұқсас сілтемелер