Басып шығару нұсқасы
26.02.2018, 17:55

Алматы облысында жертөледе жарылыс болды

Алматы облысында жертөледе жарылыс болды Sputnik Казахстан

Алматы облысында газ-ауа қоспасының жарылуынан бірнеше адам зардап шекті, деп silteme.kz АА sputniknews.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Жексенбі күні Қарасай ауданына қарасты Жандосов ауылында жеке үйдің жертөлесінде 27 литрлік баллон жарылды. 

1-4 дәрежелі күйік шалған төрт адам ауруханаға жатқызылды. Үй өртенген жоқ.    

"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен бір техника жіберілді", — деп атап өтті ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.  

Құтқарушылар зақым келген және пайдалану мерзімі өтіп кеткен баллондар тұрғын үйлердегі өрт пен төтенше жағдайларға әкеліп соқтыратынын ескертеді.