Басып шығару нұсқасы
20.01.2018, 09:57

Тонауға келген ұры банктің «Арыз-шағым» кітапшасына арыз қалдырған

Кассада ақша жоқтығына «Арыз-шағым» кітапшасына арыз қалдырған ұры полицейлер қолына түскен. Бұл туралы aikyn.kz сайтында жазылған, деп хабарлайды silteme.kz.

Ұлыбританияда таңертеңгілік банктердің біріне ұры түседі. Ол кассирлерден ақша талап етіп, жұртты аяғынан тік тұрғызады. Қызметкерлер болса азанмен ақша болмайтындығын түсіндіріп әлекке болады. Кассаның бостығына көзі жеткен бұзақы «Арыз-шағым» кітапшасын сұратып алып, банк кассасында ақша жоқтығына шағым жазып кетіпті.

Банктен шығып көлігіне отырғанда, артынша  полиция келеді. Ұсталған ұры 48 жастағы Джозеф Гетз деген азамат екен.

 

Ұқсас сілтемелер