Басып шығару нұсқасы
26.04.2018, 10:52

Павлодарда алғашқы жылу, жарық және бақылау камерасы бар аялдама ашылды

Павлодарда алғашқы жылу, жарық, салқындатқыш және бақылау камерасы бар аялдама ашылды, деп хабарлайды Today.kz.

Осы аялдама тұрған жер учаскесін "Мазур" жеке кәсіпкерлігі 5 жылға жалға алған. Бұл қаладағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған алғашқы аялдама.

"Зейнеткерлерге, балаларға, жалпы қала тұрғындарына жасалған қамқорлық. Қыста жылы жерде, жазда салқында автобус күтуге болады. Енді осы аялдама дәл осылай таза, әдемі қалпында қалса екен деген тілегім бар. Павлодарлықтар тазалықтың осындай кішкентай нәрседен басталарын ұғынса екен", – дейді зейнеткер Надежда Григорьева.

Аялдама жарты аптаның ішінде қолдануға дайын болған.

"Кешенде жылу мен жарық, бақылау камералары, салқындатқыш бар. Сондай-ақ жолаушылар экраннан қоғамдық көліктердің жүру кестесін қарай алады. Аялдаманың бүтіндігі кәсіпкердің жауапкершілігінде", – дейді Павлодар қаласының архитектура және қала құрылысы бөлімінің басшысы Назар Жұмабеков.

Түнде қоғамдық дің қозғалысы тоқтаған кезде аялдама да жабылады.

Фото -

Ұқсас сілтемелер