Басып шығару нұсқасы
24.04.2018, 14:26

Биыл Қазақстанда түлектердің қай күні аттестат алатыны анықталды

Қазақстанда мектеп түлектерінің биыл қай күні аттестат алатыны белгілі болды. Ол – 15 маусым. Шараның тақырыбы Астананың 20 жылдығы болмақ. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің блогында хабарланды, деп жазады Today.kz.

2018 жылдың 15 маусымы 2017-2018 оқу жылдарында мектеп бітіретін түлектерге аттестат табыстау салтанатты шарасы өтетін бірыңғай күн болып белгіленді. Аталған шараны ұйымдасып өткізу мақсатында Астананың 20 жылдығына арналған "Ел жүрегі – Астана" мектеп бітіру кешін өткізу Концепциясы бекітілді. 

Облыс әкімдері мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне ақпараттық хат жолданғаны айтылды.