Басып шығару нұсқасы
30.10.2016, 12:10

Жезқазған даласына тағы бір ғарыш кемесі қонды

«Союз МС» кемесінің үш ғарышкері Қарағанды облысын аумағына аман-есен қонды деп хабарлайды baq.kz.

 

Ғарыш кемесінде 40 күндік ғылыми-эксперименттік сапарларын аяқтаған Анатолий Иванишин (Ресей), Такуя Ониши (Жапония) және Кэйтлин Рубинс (АҚШ) есімді үш ғарышкер Жезқазған қаласының оңтүстігіне қонды. Олар ғарышта тірі организмдердің өмір сүруге қолайлылығын бақылады. Сонымен қатар олар жаңа "Союз МС" ғарыш кемесінің ғарыштық басқарылуын да бақылады.

Осыған дейін Орталық әскери округтің әскери құтқарушылары мен медицина қызметкерлері мінген арнайы техникалары, ішінде ғарышкерлері бар капсула қонуы тиіс Қазақстан аймағына қарай бет алған болатын.

Капсула 30 қазан күні шамамен сағат 06-59 минуттар кезінде қонды. "Союз МС" ғарыш кемесінің келесі ұшуы 17 қарашаға белгіленіп отыр. Байқоңырдан басталатын бұл жолғы сапарда ресейлік Олег Новицкий және ESA мен NASA-ның астронавтары Тома Песке мен Пегги Уитсон болады.

.

 

 

Ұқсас сілтемелер